Қазақстанда құрғақшылық асқынып барады

Эколог Орынбасар Тоғжанов Маңғыстау облысында жауын-шашынның жыл сайын азайғанын айтты.

1697834
Қазақстанда құрғақшылық асқынып барады

Қазақстанда жаһандық климат өзгерістері биыл жауын жаумаған аймақтарда мыңдаған малдың өліміне, егістік жерлердің құрғауына себеп болды.

Елдің оңтүстік және батыс аймақтарында 178 гектар егістік алаң құрғады, 2 мың мөлшерінде мал өлді.

Аймақтағы климат өзгерістері жайлы жұмыстар жүргізген Қоршаған орта ғалымы эколог Орынбасар Тоғжанов Маңғыстау облысында жауын-шашынның жыл сайын азайғанын айтты. 

Жаһандық ысыну Каспий теңізі үшін қауіп төндіргенін айтқан Орынбасар Тоғжанов Қазақстандағы жаңбыр-шашынның 90 пайызы Атлант мұхитынан келетінін білдіріп:

"Соңғы жылдарда жаһандық ысыну себепті Солтүстік Мұзды мұхит пен Гренландияның мұздары жылдам еруде. Бұл Атлант мұхитындағы булануды азайтуда. Осылайша бізге келетін жаңбыр азаюда. Егер адамдар көмірсутегін қолдануды тоқтатпаса және орман алаңдарын кеңейтпесе, ондаған жылдан кейін жер бетінде тіршілік қиындайды" деді.

БҰҰ-ның "Құрғақшылықпен күрес аймақтық беталыс" жобасының мамандары Орталық Азия территориясының басым көбінде құрғақшылық қаупі болғанына назар аударды. 

Жалпы жан саны соңғы 60 жылда үш есе көбейген және қалаласу жылдамдаған Орталық Азияда ауыл шаруашылығының да артуымен барлық аймақта су байлығын қамтыған табиғи экологиялық жүйе қауіп астында.

Мамандар Орталық Азия елдері арасында құрғақшылық әдісіне байланысты ортақ аймақтық стратегия белгілеу және құрғақшылықпен бірге күресу керектігін дәріптеп отыр. 



Ұқсас жаңалықтар