Ердоғанға көңіл айтты

Әзербайжан Түркияның жанында екенін білдірді.

1682731
Ердоғанға көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияның түрлі аймақтарында шыққан өртте қаза тапқандар үшін президент Ердоғанға көңіл айтты.

Түркияның алты уәлаятында жиырма жерде орман өрті жалғасып жатыр.

Әзербайжан президенті өрттерге байланысты президент Режеп Тайып Ердоғанға хат жолдады.  Хатты былай деп жазылған: «Құрметті президент, қымбатты бауырым.  Сіздің лидерлігіңізде үкіметтің басқан табысты шешімдері арқасында батыл түрік халқының осы апатты да жеңіп шығатынына сенемін. Әзербайжан үкіметі мен халқы әдеттегідей бүгін де бауырлас түрік халқымен ұйымшылдықта.

Жеке өз атымнан және Әзербайжан халқы атынан өртте қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын, жарақат алған азаматтарға жедел шипа тілеймін»

Әзербайжан президентінің орынбасары Хикмет Хаджиев президент Әлиевтің орман өрттерінің сөндірілуі және бақылауға алынуына көмек беру үшін Түркияға қызметкер жолдау үшін нұсқау бергенін білдірді. Ол «Президент Әлиев Әзербайжан премьер-министрі және Төтенше жағдай министріне қажетті нұсқауларды берді. Қатысты мемлекеттік мекемелер түрік әріптестерімен байланыста. Көмек топтары қысқа уақытта бауырлас елге аттанады» деді.



Ұқсас жаңалықтар