ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Әзербайжанға барады

Шентоп Бакуде Әзербайжан-Пәкістан-Түркия үштік парламент төрағаларының бірінші жиналысына қатысады.

1679797
ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Әзербайжанға барады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп ертең (26.07.2021) Әзербайжан-Пәкістан-Түркия үштік парламент төрағаларының бірінші жиналысына қатысу үшін Бакуге барады.

Әзербайжанның бас қаласы Бакуде 27 шілде күні өтетін рәсімде үш елдің парламент басшылары «Баку декларациясы» құжатына қол қояды.

Жиналыс алдында ТҰҰМ төрағасы  Шентоп пен басқа парламент басшылары Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев тарапынан қабылданады.

Гайдар Әлиевтің ескерткіш мазары мен Бакудегі «Шейіттер хыябанына» гүл шоғын қою рәсіміне қатысатын Шентоп Баку түрік шейіттігіне де барады.

Шентоп сондай-ақ 28 шілде күні Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен бас қосады.

Түрік іскерлер және азаматтық ұйым өкілдерін қабылдайтын Шентоп 29 шілде күні Шуша мен Физули қалаларын аралап, елге оралады.



Ұқсас жаңалықтар