Қазақ әнші "Славян базарының" бас жүлдесін алды

"Славян базары" байқауының бас жүлдесін қазақстандық Рухия Байдүкенова жеңіп алды.

1678110
Қазақ әнші "Славян базарының" бас жүлдесін алды

Биылғы "Славян базары" байқауының бас жүлдесін қазақстандық Рухия Байдүкенова жеңіп алды.

Бас жүлде үшін тартыс қызу өтті. Вокалистер бас дирижер Виталий Кулбаковтың басшылығымен Беларусьтің президенттік оркестрінің сүйемелдеуімен славян хиттерін орындады. Қызу додада бас жүлдені қазақ қызы Рухия алды. Гран-приді үздік орындаушыға қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті.

Рухия Байдүкенова Қазақ Ұлттық өнер университетінде "Эстрада және вокал" мамандығында оқиды. Оның диапазоны – бес октава.



Ұқсас жаңалықтар