Қазақстанда Ковид19 жұғымдалуы ауырласып барады

Денсаулық сақтау министрлігі санағында 24 сағатта 5 мың 317 жаңа Ковид-19 індетімен жұғымдалу тіркелген Қазақстанда оқиға саны 500 мыңға жеткен.

1677613
Қазақстанда Ковид19 жұғымдалуы ауырласып барады

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) жұғымдалуы артқан Қазақстанда  вирустың кең таралуын тосу мақсатымен үкімет шұғыл аттанысқа келді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері және облыс әкімдерімен бірге қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты жиналыс өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналыстағы сөзінде соңғы кезде күндік Ковид-19 оқиға санының артып, 5 мыңнан астамға шыққанын айтты.

Ауыр науқас санының артқанына назар арударған Қасым-Жомарт Тоқаев:

"Бұл жағдайдан ерекше алаңдап отырғанымызды айқын айтқанымыз жөн" деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлағанына меңзеп, қажетті сақтық шараларын жасау үшін үкіметке шұғыл аттанысқа келу үшін бұйрық берді.

Бұйрыққа сай үкімет алдымен вакцинацияда кері қалған аймақтарға жету мақсатымен мобильдік топ құрады. Вакцинаға қарсы шыққандардың әлеуметтік бейнелері көрсетіледі. Сауда орталықтары, кафе және мейрамханаларда қажетті сақтық шаралары жасалады. Қыркүйекте өндірісі бастайтын жергілікті вакцина QazVak-ты үшінші елдерге таныстыру жұмыстары күшейтіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің санағына қарағанда соңғы 24 сағатта 5 мың 317 жаңа Ковид-19 індетімен жұғымдалу тіркелген Қазақстанда оқиға саны 500 мыңға жетті. 



Ұқсас жаңалықтар