Түркия мен Әзербайжан армияларының ортақ жаттығуы жалғасуда

Түрік және Әзербайжан Қарулы күштерінің бірлескен әскери оқу-жаттығуы Әзербайжанда жалғасуда.

1667363
Түркия мен Әзербайжан армияларының ортақ жаттығуы жалғасуда

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі екі ел армияларының оқу-жаттығу барысында әртүрлі тапсырмаларды орындағаны білдірілді.

Олардың басты мақсаты екі ел армияларының жауынгерлік іс-қимылдар кезіндегі өзара байланысын жақсарту, қолбасшылардың шешім қабылдау және басқару дағдыларын жетілдіру болды.

«Мұстафа Кемал Ататүрік - 2021» атты жаттығуға 600 әскер, шамамен 40 танк және бронды көліктер, 20 шақты зеңбірек, 7 әскери және қызмет тікұшағына қоса 50 әртүрлі көлік қатысуда.

Пилотсыз қарулы әуе көліктері де қолданылатын жаттығу бүгін аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар