Әлиев: "Бейбітшілік келісімі үшін дайындалу керек"

Әлиев Әзербайжан Қарулы күштерін 103 жылдығына орай армия қолбасшыларымен бас қосты.

1665427
Әлиев: "Бейбітшілік келісімі үшін дайындалу керек"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабах мәселесі шешілгенін атап «Шекара желісін анықтау бойынша жұмыс тобын құру қажет. Бейбітшілік келісімі үшін дайындалу керек» деді.

Әлиев «26 маусым - Әзербайжан Қарулы Күштері күніне» орай армия қолбасшылары және жоғары шенді офицерлермен бас қосты.

Әскерлерді Әзербайжан армиясының құрылғанына 103 жыл толуымен құттықтаған Әлиев Қарабах соғысына апаратын кезең және 30 жылдық оккупацияның жойылып, елді-мекендердің біртіндеп азат етілуі тақырыбында әңгімеледі.

Әзербайжан армиясын күшейтуді жалғастыратындарын атап айтқан Әлиев Арменияның болса дұшпандық саясаттан бас тартпаса, тек әскери күші мен жойылған армиясын ғана емес, экономикалық жұмыстарын да қалпына келтіре алмайтынын атап көрсетті.

Арменияның дамуының жалғыз жолының көршілерімен қалыпты қарым-қатынас орнату және аумақтық талаптарынан бас тарту екенін баса айтқан Әлиев «Таулы Қарабах сөзін ешқашан қолданбауы керек. Таулы Қарабах деген бір билік болмағандықтан Таулы Қарабах мәселесі деген бір ұғым да жоқ. Мұны қайта қайта айттым, қайталағым келеді, Таулы Қарабах мәселесі шешілді. Армения мұны қабылдап, шекара желісін анықтау бойынша жұмыс тобын құру қажет. Бейбітшілік келісімі үшін дайындалу керек» деді.

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Гасанов болса Қарулы Күштер күніне орай жасаған мәлімдемесінде армияның жоғары батылдық пен патриоттық сезімін танытуда Түрік Қарулы күштерінің (ТҚК) үлкен рөлі болғанын атап көрсетті. Хасанов «Соғыс - бір армия үшін сынақ. Бізді осы сынаққа ТҚК дайындады» деді.



Ұқсас жаңалықтар