Армения әскерлері Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі шабуыл оқиғасымен байланысты мәлімдеме жасады.

1665440
Армения әскерлері Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі армян әскерлердің екі ел шекарасының Келбеджер бағытында Әзербайжан бекіністеріне бірнеше рет оқ атқанын хабарлады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Келбеджер провинциясының Зейлик пен Имамбинеси ауылдары бағытындағы бекіністердің 26 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 14.50-ден бастап 27 маусым күні сағат 03.00-ге дейін Варденис провинциясының Юкары Шорджа ауылындағы Армения бекіністерінен белгілі уақыт аралығында атылғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Әзербайжан армиясында әскер шығыны немесе жаралы тіркелмегені, жағдайдың бірқалыпты және Әзербайжан әскерлерінің бақылауында екендігі атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар