"Шуша декларациясына" қол қойылды

Президент Ердоған ортақ баспасөз мәслихатында "Шуша декларациясы" екі ел қарым-қатынастарының жаңа кезеңіндегі жол картасын белгілейтінін айтты.

1658615
"Шуша декларациясына" қол қойылды

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел арасындағы "Шуша декларациясына" қол қойды.

Президент Ердоған ресми іссапармен 28 жылдан кейін Әзербайжан армиясы тарапынан Армения жаулауынан азат етілген Таулы Қарабахтың Шуша қаласына барды.

Ердоғанды бұл жерде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми рәсіммен күтіп алды.

Шуша уәлаятында өткізілген күтіп алу рәсімінен кейін Әлиев пен Ердоған оңаша бас қосты.

Кездесуден кейін президент Ердоған мен президент Ильхам Әлиев екі ел арасындағы "Шуша декларациясына" қол қойды.

Президент Ердоған ортақ баспасөз мәслихатында "Шуша декларациясы" екі ел қарым-қатынастарының жаңа кезеңіндегі жол картасын белгілейтінін айтты.

44 күндік соғыспен Таулы Қарабахтың Армения жаулауынан азат етілгенін айтқан Ердоған:

"Әзербайжан халқын Қарабах жеңісімен тағы бір мәрте құттықтаймын" деді.

Ердоған Түркия тәуелсіздік күресінде болғанындай, қайта құру жұмыстарында да Әзербайжанға қолдауын жалғастыратынын білдірді.

Ердоған Қарабахтың бұрынғы салтанаттына қауышуы мен Қарабах пен Әзербайжан территориясының осындай апатқа ұшырамауы үшін қажетті шаралардың жасалатынын атап көрсетті.

Баршаны Әзербайжанның жеңісін қабылдауға шақырған Ердоған:

"Арменияның өзіне созылған игі ниет пен ұйымшылдық қолын ұстау орайынан пайдалануын үміт етеміз. Ресей, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия және Ираннан құралған 6-лық платформамен бірге бейбіт аймақтың қалыптасуын тілейміз. Біз Әлиев бауырыммен бірге барлық жанқиярлыққа дайынбыз" деді.

Жоғары Дәрежелі Стратегиялық Ынтымақтастық жиналысы алдағы кезде Түркияда өтетінін айтқан Ердоған  1 сәуірде басталған төлқұжатпен саяхаттың екі елді өзара тіпті жақындататынын білдірді.

Ердоған Түркияның Шушада қысқа уақытта Бас консулдық ашуды жоспарлағанын айтты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев "Шуша декларациясының" екі ел арасында болашақтағы ынтымақтастықтың кепілі екенін білдірді.

Қарабах соғысының басынан бері Ердоғанның Әзербайжанға ашық та нақтылы қолдау жариялағанын ескерткен Әлиев:

"Біз соғыста түрік халқының ұйымшылдығын көрдік. Түркияның берген қолдауын әсте ұмытпаймыз" деді.

Әлиев Түркия мен Әзербайжан арасында қол қойылған "Шуша декларациясы" 100 жылдың алдында қол қойылған "Карс келісімінің" жалғасы екенін атап көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар