Шентоп Нығматулинмен телефонда сөйлесті

Шентоп бауырлас және дос Қазақстанның түрік ұлтының көңіліндегі орны ерекше екенін айтты.

1640977
Шентоп Нығматулинмен телефонда сөйлесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен телефонда сөйлесті. 

Телефондағы әңгімеде әлемнің жаңа типті коронавирус індеті себепті ауыр күндер өткізгенін айтқан Шентоп:

"Ковид-19 індетіне қарсы жетілдірген ұлттық вакцинаңыздың сәуірдің соңында қолданысқа берілгенін және осы вакцинаның бір бөлімі Түркияда құмыраға құйылатынын естідім. Осы саладағы табыстарыңызбен шынайы құттықтаймын" деді.

Бауырлас және дос Қазақстанның түрік ұлтының көңіліндегі орны ерекше екенін айтқан Шентоп:

"Қарым-қатынастарымызды бекемдей түсу үшін президенттеріміздің, біздің әр өреде шешімділік көрсетуіміз маңызды" деді.

Түркия мен Қазақстан арасында ғасырлық тарихи байланыстар болғанын ескерткен Нұрлан Нығматулин:

"Достығымыз біз үшін өте маңызды. Тамаша бір өнеге. Пандемия процесін бақылауда да бірге болдық.  Бұл бізді қуантады" деп көрсетті.

Нұрлан Нығматулин Мұстафа Шентопты күз айларында өтуі жоспарланған Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПа) 10-шы Жалпы Кеңес жиналысына қатысу үшін Қазақстанға шақырды. 



Ұқсас жаңалықтар