Әзербайжан армиясы әскери жаттығу жүргізуде

Әскери жаттығу 20 мамыр күніне дейін жалғасады.

1640029
Әзербайжан армиясы әскери жаттығу жүргізуде

Әзербайжан армиясы 15 мың әскердің қатысуымен әскери жаттығу ұйымдастыруда.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда әскери жаттығу  Президент Ильхам Әлиев бекіткен жоспарға орай жүргізілуде. 

Әскери жаттығуға 300 танк пен сауытты көлік, 400 түрлі зымыран мен зеңбірек жүйелері, 50 ұшақ пен тікұшақ, ұшқышсыз әуе көліктері қатысты.

Түрлі аймақтарда 15 мың әскердің қатысуымен басталған жаттығуда жау нысандарына операция ұйымдастырылады және түрлі жасақтар арасындағы үйлесімділіктің деңгейі анықталады.

Әскери жаттығу 20 мамыр күніне дейін жалғасады.

 



Ұқсас жаңалықтар