Шентоп Қазақстан халқын ораза айтпен құттықтады

Шентоп: "Қарым-қатынастарымызды мемлекет басшылары мен парламент төрағалары өресінде дамытамыз" деді.

1639828
Шентоп Қазақстан халқын ораза айтпен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп  Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевқа телефон шалып, ораза айтпен құттықтады. 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі атынан Әшімбаевтың және Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтаған Шентоп Түркия мен Қазақстан арасындағы достық пен бауырластық қарым-қытанастарына тоқталды. 

Мұстафа Шентоп "Қарым-қатынастарымызды мемлекет басшылары мен парламент төрағалары өресінде дамытамыз" деп көрсетті.

Әшімбаев болса "Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетінің басында қиын кезеңдер өткіздік. Сол қиын кезеңде Түркия бізге медициналық жәрдем берді. Бұл жәрдемдерді ұмытпадық және ешқашан ұмытпаймыз" деген сөздер қолданды. 

Түркияның Түркістанда Бас консулдығын ашуға шешім жасағанын еске салған Әшімбаев бұл шешімнің қарым-қатынастарды ілгерілететінін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар