"Байқоңырды" жалға беру 2050 жылға ұзартылды

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин білдірді.

1638515
"Байқоңырды" жалға беру 2050 жылға ұзартылды

«Байқоңыр» айлағын жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин білдірді.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «1994 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

 «Байқоңыр» кешенін жалға алған 27 жыл ішінде Ресей Қазақстан бюджетіне 3 миллиардтан астам доллар немесе жыл сайын 115 миллионға жуық доллар төлеген. «Тараптар мүддесін ескере отырып, кешенді жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды», - деп түйіндеді сөзін Бағдат Мусин.  
Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан солтүстік бағытта полярлы орбитаға ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Союз-2» типті зымыран-тасығыштарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылау өткізілді. Талқылау барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Біз серіктестерімізбен материалдық залалды өтеу туралы нақты келісуіміз керек. Бізде кепілдік бар. Бірақ бұл кепілдіктер жұмыс істеуі үшін не қажет? Бұл бірлескен құжат біздің серіктестерімізбен пысықталуы тиіс», - деді.



Ұқсас жаңалықтар