Түркия РФ Татарстан Республикасына көңіл айтты

Түркия Қазанда бір мектепке жасалған қарулы шабуылының артынан көңіл айтты.

1638043
Түркия РФ Татарстан Республикасына көңіл айтты

Түркия Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда бір мектепке жасалған шабуылда қаза тапқандарға көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда бір мектепке жасалған қарулы шабуылда көптеген оқушы мен мұғалімнің қаза тауып жараланғанына қайғырамыз» делінді.

Мәлімдемеде «Бұл опасыз шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымын тілеп, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Дос және бауырлас РФ Татарстан Республикасы халқына көңіл айтамыз» делінді.

Қазанда бір мектепте жасалған қарулы шабуылда бір мұғалім мен 8 оқушы қаза тауып, 10 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар