Тәжікстан-Қырғызстан шекарасында қаза тапқандар саны 49-ға өсті

Тәжікстан-Қырғызстан шекарасында 29 сәуір күнгі қарулы қақтығыста жаралы саны да 173 болып жарияланды.

1632233
Тәжікстан-Қырғызстан шекарасында қаза тапқандар саны 49-ға өсті

Тәжікстан-Қырғызстан шекарасында 29 сәуір күнгі қарулы қақтығыста қаза тапқандар саны 49-ға көбейді.

Қырғызстан Денсаулық сақтау және әлеуметтік өркендеу министрлігі Баткен аймағында 29 сәуір күні шыққан қарулы қақтығыста қаза тапқан қырғыз азаматтары санының 34-ке, жаралы санының болса 173-ке өскенін жариялады.

Тәжік баспасөзі болса қақтығыста қаза тапқан тәжік азаматы санының 15-ке көбейіп, қаза тапқандардың 7-сінің әскер екенін жазды.

Аталмыш баспасөзде алдында шыққан бір хабарда қарулы қақтығыста 90-ға жуық тәжік азаматының жарақат алғаны туралы жаңалықтар орын алған болатын.

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасындағы су тарату желісін бақылауға алу мәселесіндегі шиеленіс 29 сәуір күні екі ел шекара сарбаздарының араласуымен қақтығысқа айналды.

Қақтығыста көптеген мемлекеттік мекеме, тұрғын үй мен кәсіпорынға зиян келген еді.

Екі ел сыртқы істер министрлерінің байланысуымен тараптардың бұрынғы бекіністеріне кері шегінуі және атысты тоқтатудың қамтамасыз етілуімен келісім жасалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар