Садыр Жапаров тыныштыққа шақырды

Шекарадағы қақтығыстарда кемінде 13 адам қаза тапты.

1631510
Садыр Жапаров тыныштыққа шақырды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы су желісін бақылау себебімен шыққан қарулы қақтығыста екі жақтан кемінде 13 адам қаза тапты. 165 адам жараланды.

Қақтығыстар сәрсенбі күні шекарадағы бір су көзіне бақылау камерасы орналастырылуынан кейін басталды.  Тараптар бітім және әскерлердің кері шегінуінен кейін келіссе де, қақтығыс жалғасты.

Қырғызстан қаза тапқандардың санын жариялады. Тәжікстандағы шығындар туралы әлі белгісіздік бар.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әлеуметтік желіде хабарлама жариялап: «Қырғызстанның барша тұрғындарын, саяси күштерді және медианы тыныш болуға, арандатушылыққа жол бермеуге, дұшпандық пен келіспеушілікті айтақтамауға шақырамын» деді.

Айырықша аймақтағы 800-ге тарта қырғыз азаматының сенімді аймаққа көшірілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар