Түркістанда халықаралық симпозиум болып өтті

Түрік дәрігерлер тәжірибелерін қазақ әріптестерімен бөлісті.

1630454
Түркістанда халықаралық симпозиум болып өтті

Түрікстанда өткен симпозиумға қатысқан дәрігерлер балаларда туа біткен аурулар және емшектің қатерлі ісігінің хирургиялық емі тақырыптарын талқылады.

Түркістанда халықаралық симпозиум болып өтті. 

Симпозиумға қатысқан түрік дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Шарада балалардың туа біткен аурулары мен емшек рагінің хирургиялық емі қарастырылды.

 Симпозиумға Түркияның беделді клиникаларының дәрігерлері шақырылды.

Өз тәжірибесін баяндап берген Проф. Др. Селами Сөзібір пандемия жағдайында осындай жиналыстар ұйымдастырудың дәрігерлер үшін үлкен мүмкіндік екенін айтты. Айырықша қазақ әріптестерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатымен бірігіп жұмыстанудың жалғасатынын білдірді.

Шараға Түркістан облысының түрлі аудандарының дәрігерлері қатысты. Облыста 23 мың 429 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың бес мыңнан астамы дәрігерлер.

 



Ұқсас жаңалықтар