Түркия-Әзербайжан арасында үкіметаралық келісім бекітілді

Түркия мен Әзербайжан арасында энергетика және тау-кен саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.

1626404
Түркия-Әзербайжан арасында үкіметаралық келісім бекітілді

Екі ел арасында 2020 жылы 25 ақпанда Бакуде қол қойылған Түркия Республикасы Үкіметі және Әзербайжан Республикасы Үкіметі арасында Энергетика мен тау-кен саласында ынтымақтастық жөніндегі келісім бекітіліп, Ресми Газетте жарияланды.

Келісім бойынша екі ел жаңартыла алатын және таза энергия өнімін арттыру, бұл саладағы жобаларды қолдау және жетілдіру тақырыптарында жауапты мекемелер мен инвесторларды ортақ жұмыстануға ынталандырады. Осылайша тараптар жұмыс топтарын құрайды.

Тараптар көмірсутегі және мұнай-химиялық ресурстарды игеру мен пайдалануға байланысты жобаларда техникалық ынтымақтастық, геология және су қоймасы инженерлігімен байланысты жобаларда ынтымақтастық жетілдіру, көмірсутек резервтерін іздеу, өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу, коммерцияландыру, жеткізіп беру және сату мен мұнай-химия және өңделген мұнай өнімдерін өндіріп сату бойынша бірлесіп жұмыс істейді.

Басқа жағынан табиғи газ сақтау қоймаларын, жеткізілім инфрақұрылымын және тиісті технологияларды салу, оларды қалпына келтіру, дамыту, пайдалану және сұйылтылған табиғи газ терминалдары мен тиісті технологияларды салу, оларды дамыту, пайдалану, қосалқы бөлшектерін өндіру және техникалық қызмет көрсету, мұнай-химия және мұнай өңдеу процестерін тереңдету және шикізатты одан тиімді қолдану жолдарын зерттеу үшін екі ел арасындағы ынтымақтастық арттырылады.

Электр саласында болса екі ел электр беру жүйесі операторларының ұйымдастырушы  құрылымын жетілдіру, электр жеткізу желілерін салу, пайдалану және күтіп ұстау саласындағы техникалық ынтымақтастық, электр саудасы мен өзара байланыс қуатын дамыту және электр энергиясы нарығын реттеу бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасады.

Сонымен қатар екі елдің өзара сараптамалық пікірлеріне сәйкес пайдалы қазбаларды іздеу және геологиялық зерттеулер бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралып жатқанда, тау-кен жұмыстарына байланысты оқу бағдарламалары ұйымдастырылады және  ең жоғары деңгейде қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғайтын стандарттарға ие тау-кен саласымен байланысты технологиялар әзірленеді. Бұл тау-кен саласында жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорындар мен компанияларды құруға қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ екі ел немесе үшінші елдерде энергетика мен тау-кен өндірісіне инвестицияларды ынталандыру үшін мемлекеттік және жеке компаниялар арқылы бірлесе отырып жұмыс істей алады.

Келісім екі елдің де ішкі заңдық ережелері толықтырылған дипломатиялық арналары арқылы білдірген соңғы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 5 жыл мерзімге күшіне енеді.

Егер елдер келісімді 5 жылдың соңында бұзу туралы ниеттерін айтпаса, келісім кейінгі 5 жылдық мерзімге «жарамды» деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар