Түріксой Сербиямен келісімге келді

Ынтымақтастық хаттамасы идеялар және тәжірибелермен еркін алмасуға мүмкіндік береді.

1623105
Түріксой Сербиямен келісімге келді

Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен құрылған Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой мен Сербия Мәдениет министрлігі арасында хаттамаға қол қойылды.

Сербияның астанасы Белградтағы қол қою рәсіміне Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Сербия Мәдениет министрі Мажа Гойкович, сондай-ақ Түркияның Сербиядағы  жаңа елшісі Хами Аксой қатысты.

Гойкович қол қою рәсімінен кейін жасаған мәлімдемесінде қол қойылған хаттама мәдени және тарихи қатынастарды одан әрі жақсартатынын айтты.

Ынтымақтастық хаттамасының идеялар және тәжірибелермен еркін алмасуға мүмкіндік беретіндігін айта отырып, Гойкович

«Біз ынтымақтастықты күшейтуге болатын бағыттар туралы ұзақ әңгімелестік. Нәтижесінде көптеген салаларда, әсіресе кино, театр, мұражай, мұрағат және музыка саласында ынтымақтаса алатынымызды түсіндік» деді.

Гойкович қол қойылған құжат «көптеген жылдар бойғы ынтымақтастықтың құқықтық базасын құрайды» деп мәлімдеді.

Қасейінов те Түріксойдың ұлттар арасы бауырластық байланыстарын нығайту үшін әлемнің түкпір-түкпірінде іс-шара ұйымдастырғанын еске салып: «Сербия Мәдениет министрлігі мен Түріксой арасында қол қойылған хаттама басқа елдер үшін де үлгі болады.  Ұлттарымыздың көптеген ортақ жағы бар. Ортақ көзқарасымыз – дәстүрлерімізді жаңғырту» деді.



Ұқсас жаңалықтар