Жамбыл мажар тілінде жырлады

Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

1616296
Жамбыл мажар тілінде жырлады

Халықаралық Түркі академиясында Мажарстан және Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен жыр алыбы Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ұлы дала жыршысының 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көріп отырған «Жамбыл жырлары – Dzsambul muvei» жинағы қазақ-мажар тілдерінде салыстырмалы тәртіппен берілген өлеңдермен қатар, мазмұнды зерттеу мақалаларды да қамтыған. Жинақты құрастырып, баспаға әзірлеуге Хинаят Бабақұмар, Такач Ибойа сынды ғалымдар атсалысқанын айта кету керек.

Кітаптың таныстыру рәсіміне Мажарстанның  Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі  Михай Галошфай, сонымен қатар Мажарстан делегациясы, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

 

 

 

Сурет пен мәтін академия баспасөз қызметінен алынды.



Ұқсас жаңалықтар