Нұржан Ділманов - музыкалық аспап жасаудың шебері

Бабалар кәсібін жасампаз қылған шебер өз жұмысын Нұр-Сұлтандағы жеке шеберханасында жалғастырып келеді.

1611284
Нұржан Ділманов - музыкалық аспап жасаудың шебері

53 түрлі музыкалық аспап жасап шығаратын қазақ шебері Нұржан Ділманов ата кәсібін жалғастыруда.

Шебер елдегі қазбалар кезінде табылған музыкалық аспаптарды қалпына келтіретін бірегей реставраторлардың бірі.

Нұржан Ділманов Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда тұрады.Ол Алматы қаласында кәсіби дайындықтан өткеннен кейін 17 жыл бойы түрлі музыкалық аспаптарды дайындап келеді.

Ділманов Қазақстанның әр түрлі музыкалық мекемелері мен оркестрлері үшін аспап жасайды. Ол осы кәсіпті 9 жасынан бастап әкесіне көмектесіп жүріп меңгерді.

Бабалар кәсібін жасампаз қылған шебер өз жұмысын Нұр-Сұлтандағы жеке шеберханасында жалғастырып келеді.

Ділманов сонымен қатар археологиялық қазбалар кезінде табылған музыкалық аспаптарды қалпына келтіретін реставраторлардың бірі.

Ол  ұлттық музыкалық аспаптарды, әсіресе домбыраны қатты ұнататынын айтты. Шебердің айтуынша, домбыраның түрлері әр аймаққа қарай түрлі болады және әр аймақтың домбырасы үшін арнайы әдіс қажет.

Оның жасаған аспаптарына әсіресе Канада, Түркия, Беларусь және Орталық Азия елдерінен сұраныс көп.

 



Ұқсас жаңалықтар