Түркістан-Түркі әлемінің рухани астанасы

Түрік Кеңесі ел басшыларының бейресми саммитінде Түркістанға "Түркі Әлемінің Рухани астанасы" атағын беру жоспарлануда.

1609201
Түркістан-Түркі әлемінің рухани астанасы

Қазақстанда үш жылдың алдында Түркістан облысының орталығы деп жарияланған байырғы қала Түркістан Түркі әлемінің рухани және мәдени астанасы ретінде қайтадан жандануда.

Екі мың жылдық тарихқа ие Түркістан облысы Қазақ Хандығының да астанасы болған. 

Түркі әлемінің рухани көсемі Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрген Түркістан сонымен бірге Орталық Азиядағы Ислам дінін тарату процесіне қызмет етті.

Түркістан облысы 2 милионнан астам жан санымен Еуропа мен Азияны өзара жалғаған Тарихи Жібек жолының үстінде тұр.

Ғасырлар бойы Тарихи Жібек жолының рухани, саяси және сауда өмірінің қолқа жүрегі болған Түркістан 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауымен қайтадан жандана бастады. 

Түркістан облысы 2018 жылы 19 маусымда құрушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен орталық мәртебеге көтерілді.

2021 жылы 31 наурызда өтетін Түрік Кеңесі ел басшыларының бейресми саммитінде Түркістанға "Түркі Әлемінің Рухани астанасы" атағын беру жоспарлануда.               



Ұқсас жаңалықтар