ТР Мәдениет министріне "Абай" медалі

Министр Ерсой Түріксой ғимаратына барды.

1606337
ТР Мәдениет министріне "Абай" медалі

ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Наурыз мерекесіне орай Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойға барды.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойды Бас хатшы Дүйсен Қасейінов қарсы алды. Қасейіновпен Наурыз отын алаулатқан министр оттың үстінен секіріп,  төс соғып, темір ұрды. Ерсой осында түрік әлемін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ол Наурыздың әлем халықтарының ортақ мұрасы болып қабылданғанын айтты.  Түріксой іс-шараларын бүкіл әлемге таратып,  мәдени қатынастарды нығайтуды мақсат еткендерін білдірді.

Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов та Наурыз мерекесінің Түріксой және ұйымға мүше елдердің бастамасымен енді адам баласының мұрасы екенін,  2009 жылы ЮНЕСКО-да Адам баласының материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгенін еске салды. Ол артынан 2010 жылы 23 ақпан күні БҰҰның 21 наурыз күнін Халықаралық Наурыз мерекесі деп жариялағанын білдірді.

Іс-шара барысында түрік әлемінің билері сахналанды. Артынан министр Ерсойға Наурыз семени мен «Абай» медалі табысталды.



Ұқсас жаңалықтар