Стамбулда Абай алаңы ашылды

Салтанатты жиынға ҚР Сыртқы істер министрі де қатысты.

1604100
Стамбулда Абай алаңы ашылды

Қазақстан Республикасы вице-премьері және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Түркия Республикасына ресми сапары аясында Стамбул қаласында Абай алаңы ашылды.

Қазақ халқының бірегей тұлғасы, түркі әлемінің ұлы ақыны, композитор, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы атындағы алаң пен ескерткішті Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Стамбулдағы Зейтинбурну ауданының мэриясы бірге ұйымдастырды.

Салтанатты ашылу шарасына ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Стамбул қаласының мэрі Экрем Имамоглу, ҚР Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Зейтинбурну ауданының мэрі Өмер Арысой және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Абай атындағы алаң мен ескерткіштің ашылуы Стамбул қаласы мэриясының мәжілісінің шешімімен қабылданды.

Алаңдағы Абай мүсінінің авторы - ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі, қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұров. Іс-шара Стамбулда тұратын қазақ диаспора өкілдері ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.



Ұқсас жаңалықтар