Қазақстанда дамудың ұлттық жоспары бекітілді

Жоспарда жаңа экономикалық бағыттың негізгі міндеттері мен параметрлері айқындалған.

1598275
Қазақстанда дамудың ұлттық жоспары бекітілді

Қазақстанда  2025 жылға дейінгі дамудың ұлттық жоспары бекітілді.

 Аталған құжатты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп әзірледі.
Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарында жаңа экономикалық бағыттың негізгі міндеттері мен параметрлері айқындалған.

Жоспар шеңберінде  денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылады.

Жалпыұлттық басымдықтар (ЖҰБ) үш түйінді бағыт бойынша 10 нақты міндетті білдіреді: азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және күшті экономика құру. Он нақты міндет мыналар: әділ әлеуметтік саясат, денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесі, сапалы білім беру, азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ және тиімді мемлекет, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әртараптандырылған инновациялық экономика құру, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту және теңгерімді аумақтық даму.



Ұқсас жаңалықтар