Түрік кеңесінен Ходжалы мәлімдемесі

Түрік кеңесі бас хатшысы мәлімдеме жариялады.

1591431
Түрік кеңесінен Ходжалы мәлімдемесі

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Әзербайжанмен иықтасып тұруды жалғастыратынын хабарлады.

Түрік кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев Ходжалы қырғынының 29 жылдығына орай мәлімдеме жариялады.  Ол Таулы Қарабахтың Ходжалы ауданында 1992 жылы армяндар жасаған қырғында жазықсыз адамдардың зардап шеккенін еске салды. Ол армян күштерінің мыңдаған Әзербайжан азаматын тұтқынға алғанын және Ходжалы ауданын толығымен жойып жібергенін айтты. Ол «Бүкіл әлем куә болғандай әділет орындалды. Бауырлас Әзербайжанның Таулы Қарабахтағы оккупацияланған жері үшін жүргізген заңды күресі жеңіспен аяқталды.  Осы жеңіс бүкіл түрік әлемі үшін мақтаныш және қуаныш» деді. «Осы шеңберде Түрік кеңесі ретінде біз де Ходжалы қырғынының құрбандарын құрметпен еске алып, Әзербайжан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түрік әлемі ретінде Әзербайжанмен иықтасып тұруды жалғастырамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар