Қазақстан басшылары Ердоғанды құттықтады

Қазақстан елбасы Назарбаев президент Ердоғанға телефон шалды.

1591525
Қазақстан басшылары Ердоғанды құттықтады

Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұсұлтан Назарбаев президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, туған күнімен құттықтады.

Елбасы Түркия президентіне мықты денсаулық, Түркия еліне бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  президент Ердоғанға құттықтау хатын жолдады. Тоқаев құттықтау хатында «Түркия сіздің ықпалды лидерлігіңіз және жүргізген теңгерімді саясатыңыз арқасында тұрақты өркендеуін жалғастыруда. Азаматтарының жағдайын жақсартып, аймақтағы және халықаралық аренадағы тұғырын нығайту мақсатында маңызды қадамдар басуда.  Осы аяда жаңа бастама мен істеріңізді жүзеге асыру бағытында жұмысыңызға табыс тілеймін» деді.  



Ұқсас жаңалықтар