Түркітілдес елдердің энергия мамандары бас қосты

Олар ынтымақтастықты арттыруға шешім қабылдады.

1590399
Түркітілдес елдердің энергия мамандары бас қосты

Түрктілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Энергия министрлері энергия саласында ынтымақтастықты арттыруға шешім қабылдады.

Онлайн өткен Түрік кеңесі Энергия министрлері бірінші жиналысынан кейін хабарлама жарияланды. Түркияның жиналыс күн тәртібінде қаралған баптарды талқылау мақсатымен жұмыс тобын құру жөніндегі ұсынысына қолдау көрсетілді.

Сонымен бірге энергия секторында қаржының маңызы атап айтылды. Сондықтан халықаралық қаржы мекемелерімен жиналыстар өткізуге шешім берілді. Сонымен бірге жаңаланатын энергия саласында мықты тәжірибесі бар Түркияның мүше елдермен мұны бөлісу үшін оқу семинарларын өткізуге дайын екені атап көрсетілді.

Қазақстан тарабы да мұнай-химия өнімдерінің таратылуы үшін механизм құрылуы жөнінде жұмыс атқарылуын ұсынды. Сонымен бірге Қазақстан 2022 жылы екінші жиналысты ұйымдастыруға дайын екенін білдірді.

Жиналыста тараптар энергия саласында ынтымақтастықты арттыруға шешім берді.

Аталмыш жиналысқа Түрік кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез, Әзербайжан Энергия министрі Первиз Шахбазов, Қазақстан Энергия министрі Нұрлан Ноғаев, Қырғызстан Энергия және өнеркәсіп министрінің орынбасары Вероника Исаева, Өзбекстан Энергия министрлігі кеңесшісі Азиз Алимұхаммедов, Венгрия Сыртқы істер және сауда министрлігі жанындағы Энергия және климат тақырыптарына жауапты өкілі Дора Зомбори қатысты.



Ұқсас жаңалықтар