Түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жиын

Бауырлас елдердің интеграциясы талқыланды.

1590239
Түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жиын

Кеше Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығымен бірлесіп «Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық жиын өткізді.

Онлайн форматта өткен  басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі кенесінің Тұңғыш Бас Хатшысы Халил Акынджы, Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, ТүркПА Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз, ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Қыран, ТР Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Уфук Улуташ, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталған жиында Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі модераторлық етті. Келелі кеңеске қатысушылар Түркі тілдес мемлекеттердің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы баяндамалар жасады. Сонымен қатар бауырлас елдердің арасындағы интеграцияны одан әрі нығайту жөніндегі пайымды пікірлерін ортаға салып, орамды ойларымен бөлісті.

 

Мәтін мен сурет Түрік академиясының баспасөз қызметінен алынды. 



Ұқсас жаңалықтар