Президент Тоқаев Путинмен сөйлесті

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

1586795
Президент Тоқаев Путинмен сөйлесті

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Қазақстан Президенті екі елдің пандемияға қарсы күрес жұмыстарына оң бағасын берді. Қарағанды қаласында «Спутник V» вакцинасының өндірісі іске қосылды. Екі елдің үкіметтері ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізу туралы келісімге келді.

Әңгіме барысында биыл Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу туралы келісім жасалды.



Ұқсас жаңалықтар