Түркия Қырым татарларының жанында

Түркия Қырымдағы тұтқындауларға алаңдайтынын білдірді.

1586303
Түркия Қырым татарларының жанында

Түркия Ресей заңсыз түрде аннексиялап алған Қырымдағы тұтқындауларға алаңдайтынын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі жазбаша хабарлама жариялап: «Қырымда кеше таңертең қандас Қырым татар түріктерінің үйлеріне жасалған басқындар мен тұтқындаудаларға алаңдаймыз» деп білдірді. Хабарламада «Қырым түбегінің негізгі тұрғындары Қырым татарларына бағытталған осындай қысымдарды дереу тоқтатуға шақырамыз. Қырымның заңсыз аннексиясын мойындамайтын Түркия татарлардың жанында болады» деп айтылды.

Қырымда кеше орыс қауіпсіздік күштері бір топ Қырым татарының үйіне басқын жасап, алты адамды қамауға алды.



Ұқсас жаңалықтар