Эрсин Татардан "Түркия" мәлімдемесі

"Түркияның Кипрдегі болмысы біздің қызыл сызығымыз".

1584341
Эрсин Татардан "Түркия" мәлімдемесі

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар «Түркияның кепілгерлігі, түрік әскерлерінің Кипрдегі болмысы біздің егемендігіміз және саяси теңгеріміміз, біздің қызыл сызығымыз және бұлардан бас тартпаймыз» деді.

Президент Татар жазбаша мәлімдемесінде жақында Кипр мәселесіне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) басшылығымен кепілгер елдердің (Түркия, Грекия және Ұлыбритания) де қатысуымен 5+1 жиналысы ұйымдастыруға бағытталған бастамалар туралы білдірді.

Кипрлік понтилердің арандатуларының бұл процесте жалғасқандығын атап көрсеткен Татар «Түркияның кепілгерлігінің жойылуын және түрік әскерінің Кипрден шығарылуын" талап еткен понти тарапының түрік тарапының қызыл сызықтарының бірі болған «егемендік теңгерімін» қабылдауға болмайтынын тағы бір рет мәлімдегеніне назар аударды.

Татар понти келіссөз жүргізушісі Андреас Маврояннистің бұл мәлімдемені жасаған кезде «түрік тарапының теңдікке деген егемендік талабы елдің соңы болады» деген сөздері арқылы понти менталитетінің өзгермегенін және ешқашан өзгермейтінін тағы бір рет дәлелдегенін атап айтты.

Татар «Маврояннис қолданған «мемлекет» сөзіне қарағанда, Кипрдің жалғыз иесі және қожайыны тек гректер, ал Кипр түрік халқы азшылық. Понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадис болса осы уақытқа дейін жасаған көптеген мәлімдемесінде «Кипрлік түріктер – аз санды, ал аз сандылардың «егемендік» пен «саяси теңдікке» құқығы жоқ» деп ескірген, нәсілшіл және басым понти менталитетін ашты» деді.

«Түркияның кепілгерлігі, түрік әскерлерінің Кипрдегі болмысы біздің егемендігіміз және саяси теңгеріміміз, біздің қызыл сызығымыз және бұлардан бас тартпаймыз» деген Татар бұдан бас тартудың понтилердің қоласын мойындау деген мағынаға келетініне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар