"Түркия армиясы - әлемдегі ең мықты армиялардың бірі"

Әзербайжан Қорғаныс министрі "Түрік Қарулы күштерінің тәжірибелерінен пайдалану – біз үшін маңызды» деді.

1581815
"Түркия армиясы - әлемдегі ең мықты армиялардың бірі"

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Түрік Қарулы күштерінің әлемнің ең мықты армияларының бірі екенін білдіріп, «Бауырлас елмен мықты ынтымақтастығымыз бар.  Түрік Қарулы күштерінің тәжірибелерінен пайдалану – біз үшін маңызды» деді.

Министр Хасанов Түрік Қарулы күштерінің Әзербайжан Қарулы күштерінің қатысуымен Карста өткізген «Қыс -2021» жаттығуының Таңдаулы бақылаушы күнінде сөз сөйледі. Ол Түркиямен жаттығу өткізудің мақтаныш екенін айтты.

Министр жаттығудың ынтымақтастық және координацияны қамдау, қалың қар және салқын ауа шарттарында қозғалыс мүмкіндігі мен қабілетті сынау мақсатымен өткізілгенін білдірді. «Түрік Қарулы күштері – әлемнің ең мықты армияларының бірі. Бауырлас елмен мықты ынтымақтастық ішіндеміз. Түрік Қарулы күштерінің тәжірибесінен пайдалану – біз үшін маңызды. Түркия мен Әзербайжан арасындағы тарих, дін және мәдениет екі ел арасындағы тамырлы байланысты қалыптастырады.  Лидеріміз Гайдар Әлиев тарапынан «Бір ұлт, екі мемлекет» деп аталған Түркия –Әзербайжан қарым-қатынастары бүгінгі күні де президенттеріміздің басшылығында жалғасуда. Екі ел арасында қатынастардың жалғасуында президенттеріміздің үлесі зор» деді ол.

Хасанов Әзербайжанның 44 күндік шайқасында Арменияны жеңгенін білдірді.  Ол осы шайқаста Түркияның өздерімен бірге болғанын еске салды.  Мұның екі ел арасындағы бірліктің көрсеткіші екенін айтқан министр былай деді: «Шайқас кезінде Түркия саясатын айқындады және біздің жанымызда болды. Саяси, рухани және дипломатиялық қолдауын аямады.  Түркия осы ұстанымымен әлемге былай деді: Түркия Әзербайжанның жанында. Бүкіл әлем Түркия мен Әзербайжан бірлігінің, бауырластығының өшпес екенін көрді. Түркияның біздің жанымызда болуы- бізге мақтаныш. Бізге күш-қуат береді. Біз осы күштен пайдаланып,  басқыншылық астындағы жерімізді азат еттік.  Әзербайжан халқы атынан Түркияға алғыс айтамын»



Ұқсас жаңалықтар