Бүгін астана Бішкекте ұлықтау рәсімі өтті

Қырғызстанның 6-шы президенті Жапаров ресми түрде қызметіне кірісті.

1572840
Бүгін астана Бішкекте ұлықтау рәсімі өтті

Садыр Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы болып өткен және сайлау қорытындылары бойынша 79,2 пайыз дауыс жинаған Садыр Жапаров жеңіске жеткен еді. 

Бүгін астана Бішкекте президентті  ұлықтау рәсімі өтті. Ұлықтау рәсімінде  Садыр Жапаров ант берді. Одан кейін Қырғызстан Орталық сайлау комитетінің төрайымы Нұржан Шайлдабекова Садыр Жапаровқа президент куәлігін, төсбелгі және штандартты табыстады. Осылайша Садыр Жапаров ресми түрде президент қызметіне кірісті. 

Ұлықтау рәсіміне  бір мыңнан астам қонақ шақырылды. Атап өткенде, елдің танымал қайраткерлері, Жогорку Кенеш депутаттары, экс-президенттер, парламенттің бұрынғы спикерлері, бұрынғы премьер-министрлер, Қырғызстан конфессияларының басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар және қарапайым азаматтар қатысты. Сондай-ақ рәсімге Жапаровтың өткен сайлаудағы қарсыластары шақырылды. Рәсімге  бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков та қатысты. 

Көп жақтылы сыртқы саясат ұстанатынын түсіндірген Жапаров Орталық Азия елдері секілді Қытай, Америка Құрама Штаттары және Еуропа елдерімен ынтымақтастық жасайтынын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар