Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Қазақстанда 10 қаңтарда өткен парламент сайлауынан кейін Премьер-министр Асқар Маминнің басшылығындағы үкімет жаңа үкіметтің құрылуы үшін отставкаға кетті.

1564247
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Президенттік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті бабына сәйкес  парламент сайлауынан кейін мемлекетте жаңа үкіметтің бекітілуіне дейін қазіргі үкімет кабинет мүшелерінің міндеттерін атқаратыны жайлы Қаулы еткені білдірілді.

Осы Қаулы бойынша мемлекеттің қазіргі Премьер-министрі Асқар Мамин басшылығындағы үкімет отставкаға кетті және үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндетін атқаратын болды. 

Қазақстанда 10 қаңтарда өткен парламент сайлауында  билік басындағы "Нұр Отан" -71,9 пайыз, "Ақ жол" -10,95 пайыз және Қазақстанның халық партиясы- 9,10 пайыз дауыс жинап Мәжіліске кірген еді.



Ұқсас жаңалықтар