Түрік Кеңесі Қазақстан мен Қырғызстанды құттықтады
Бағдат Әміреев Қырғызстанда президенттік міндетке сайланған Садыр Жапаровты құттықтады.
Түрік Кеңесі Қазақстан мен Қырғызстанды 10 қаңтарда болған сайлауларға байланысты құттықтады.
Түрік Кеңесінің хабарламасына қарағанда, бас хатшы Бағдат Әміреев Қырғызстанда президенттік міндетке сайланған Садыр Жапаровты құттықтап: «Түрік мемлекеттерімен дәстүрлі байланыстарды нығайтатыныңызды және болашаққа сенімді қадамдармен жылжитыныңызды үміт етеміз» деді.
Әміреев Жапаровтың сайлануының қырғыз халқы үшін қайырлы болуын тіледі.
Түрік кеңесі Қазақстанның шақыруымен елдегі парламенттік сайлауды бақылау мақсатымен Түрік кеңесі миссиясына міндет берген болатын.
Түрік кеңесінің бас хатшысының орынбасары Др. Өмер Кожаман басшылық жасаған делегация 6-10 қаңтар арасында Нұр-Сұлтанда сайлауды бақылады.
Түрік кеңесінің сайлау бақылау миссиясы Қазақстанды табысты сайлау үшін құттықтап, қорытындының елде саяси тұрақтылық пен экономикалық дамудың нығаюына үлес қосатынын айтты. Делегация сайлаудан бұрын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нуришев, Орталық сайлау комитетінің төрағасының орынбасары Константин Петров және Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макенмен бас қосқан болатын.