"Бұрынғы биліктердің қателерін қайталамаймыз"

Жапаров шетелге алғашқы сапарын Қазақстанға ұйымдастыратынын білдірді.

1561062
"Бұрынғы биліктердің қателерін қайталамаймыз"

Қырғызстанда президенттік сайлаудан жеңіспен шыққан Садыр Жапаров саяси тұрақтылық қамдалған жағдайда, елін экономикалық дағдарыстан 3-4 жылда шығаратынын білдірді.

Садыр Жапаров Бішкекте баспасөз мәслихатын өткізді. Ол соңғы отыз жылда жемқорлықтың барлық жерге тамыр салғанын айтып, жемқорлықпен күресте барша азаматтың мемлекетке қолдау көрсетуі керектігін білдірді. Ол сайлаушылардың өзін жемқорлықпен күресу үшін сайлағанын атап көрсетті. « Бұрынғы биліктердің қатесін қайталамаймыз. Саяси қысымдардан аулақ боламыз. Құқықтың үстемдігін аяққа таптағандарға көз жұмбаймыз» деді ол.

Жапаров елдегі мәселелерді шешу үшін 1-2 жылдың жетпейтінін айтып: «Саяси тұрақтылық қамдалатын болса, Қырғызстанды экономикалық дағдарыстан 3-4 жылда шығарамын» деді.

Қырғызстан Орталық сайлау комитеті Жапаровтың сайлаудан жеңіп шыққанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа телефон шалып құттықтады. Жапаров та президент ретінде шетелге алғашқы сапарын Қазақстанға ұйымдастыратынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар