Назарбаевқа "Алғыс" ордені

Митрополит Александр Могилев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Алғыс» орденін табыстады.

1559377
Назарбаевқа "Алғыс" ордені

Қазақстанның негізін қалаушы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан православие шіркеуінің жоғары наградасы тапсырылды.

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы астана және Қазақстан митрополиті Александр Могилев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Алғыс» орденін табыстады.

Александр Могилев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы діндер арасындағы келісімді нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, оның ел игілігі үшін көп нәрсе жасағанын мәлімдеді.

Назарбаев «Тәуелсіздік алған күннен бастап біз барлық этнос арасында діни конфессиялардың толеранттылығын, достығы мен сенімін нығайтуды өз саясатымыз деп жарияладық. Тұрақтылық пен даму нақ осы бірлік пен достықта жатыр», - деді.



Ұқсас жаңалықтар