Армения журналистерді нысанаға алды

Журналистерді тасыған көліктің жүргізушісі жарақат алды.

1508794
Армения журналистерді нысанаға алды

Армения армиясы Әзербайжанның Тертер қаласында бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдарды түсірген Әзербайжан мемлекеттік телеранасының (AZTV) тілшілерін нысанаға алды.

Шабуылда журналистерді тасыған көліктің жүргізушісі жарақат алды.

AZTV-дің соғыс тілшісі Елнур Тофиг «Таңертең Тертердің Дуверли ауылдағы бір мектепке зымыран келіп құлағанын естідік.  Оқиға болған жерге барып түсірдік. Сол кезде жаңа шабуылдар болды» деді.

Мектептің ішінде жүрген кезде миномет оғының мектепке келіп түскенін және мектептің төбесінің құлағанын білдірген тілші: Дереу мектептен шықтық, алайда көлігіміз тұрған жерге де 4-5 снаряд келіп құлады» деді.

Көлікке қарай жүгірген кезде үлкен жарылыс болғанын баяндаған тілші: «Көлік жүргізушінің басынан және қарнынан жарақат алғанын көрдім.  Оны дереу көлікке отырғыздық. Қасымызда бейбіт тұрғын бар еді. Ол да жараланды.  Оны да алып, Тертер қала орталығына қайттық» деді.

Тілші: «Құдайға шүкір, шабуылдан аман құтылдық. Күн сайын бағдарламамызда бейбіт тұрғындар мен елді мекендердің нысанаға алынғанын айтып жүрміз, бүгін өзіміз де шабуылға тап болдық» деді. Ол Арменияның бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарын жариялауды жалғастыратындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар