Түрік кеңесінің Координация комитетінің жиналысы өткізілді

2020-2021 жылдар үшін жол картасының дайындалуына да шешім берілді.

1496766
Түрік кеңесінің Координация комитетінің жиналысы өткізілді

Түрік ынтымақтастық мекемелері арасында координация және серіктестікті арттыру мақсатымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Координация комитетінің жиналысы видео конференциясы әдісімен өткізілді.

Түрік кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев басшылығында өткен жиналысқа Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық түрік академиямының басшысы Дархан Қыдырәлі, Түрік Мәдениет және мұра фондының төрайымы Гүнай Эфендиева қатысты.

 Түрік кеңесінің соңғы екі жылдан бері тарихының ең тығыз және шығымды кезеңін басынан өткізгенін айтқан Әміреев түрік әлемінде артқан ынтымақтастықтың түрік ынтымақтастық мекемелері арасында жаңа координация деңгейін қажет еткенін атап көрсетті. Әміреев Түріксойдің халықаралық брендке айналып,  бауырлас түрік халықтары арасында мәдени байланысты нығайту үшін маңызды платформа міндетін атқарғанын айтты.

ТүрікПа-ның кеңеске мүше елдердің парламенттері арасындағы байланыстарды жетілдіруде маңызды рол ойнағанын, Халықаралық Түрік академиясының да ғылыми түрғыдан маңызды жобаларға қолтаңбас асқанын айтқан Әміреев Түрік Мәдениет және мұра фондының да мәдениет саласында маңызды істерге үлес қосқанын білдірді.

Ол мекемелердің іс бағдарламалары деңгейінде қайталаулардан аулақ болу үшін ортақ көзқарас қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Жиналысқа қатысушылар ұйымдар арасы ықпалдастықты және жұмыстардың тиімділігін мүмкінділігінше сақтап қалуға келісті.

Жиналыста айырықша 2020-2021 жылдар үшін жол картасының дайындалуына да шешім берілді.



Ұқсас жаңалықтар