Онлайн медиа семинары

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы "YTB Online Медиа академиясы” бағдарламасын бастады.

1396919
Онлайн медиа семинары

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы YTB шетелдерде өмір сүретін болашақ журналистерге қолдау беру мақсатымен "YTB Online Медиа академиясы” бағдарламасын бастады. 

Басқарманың жазбаша хабарламасына қарағанда,  жаңа типтегі коронавирус себебімен уақытын үйде өткізіп отырған шетелдегі жастар үшін “Үйде отыр,  білім ал” деген ұранмен интернеттен семинар бағдарламалар жалғасуда. 

Осы шеңберде медиа саласына қызығушылық танытатын, осы салада өзін жетілдіргісі келетін шетелдегі жастарға мүмкіндік беріледі. 

Семинар интернет арқылы 19-23 сәуір күндері аралығында өтеді. Бағдарлама шеңберінде медиа сауаттылығы, жаңа медиа әдістері,  цифрлық дәуірде журналистика секілді тақырыптарды теориялық және практикалық сабақ беріледі. 

Шетелде өмір сүретін түрік азаматтары,  Көгілдір карты барлар және қос азаматтығы барлар пайдаланатын осы бағдарламаға 1990 жылдың  1 қаңтары мен 2002 жылдың 1 қаңтар арасында дүниеге келгендер қатыса алады. 

Кандидаттардың Германия, Америка Құрама Штаттары,  Австрия, Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Франция,  Голландия, Швеция, Швейцария, Канада, Норвегия және Италияда өмір сүру шарты қаралады. 

Бағдарламаға өтінім 17 сәуірге дейін қабылданады. 

"www.ytb.gov.tr" адресінен кеңірек мағлұмат алуға болады.



Ұқсас жаңалықтар