Қазақстан мұнай өндірісін азайтатынын мәлімдеді

OPEC-тің мұнай өндірісін шектеу келісімі аясында Қазақстан Республикасы шикі мұнай өндірісін күніне 40 мың баррель азайтады.

1110751
Қазақстан мұнай өндірісін азайтатынын мәлімдеді

Қазақстан Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (OPEC) мен OPEC-ке мүше емес кейбір елдердің мұнай өндірісін шектеу келісімі аясында өндірісін күніне 40 мың баррель азайтады.

Қазақстан Энергия министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда OPEC және өндіруші елдердің 7 желтоқсан күні Венада болып өткен 5-ші OPEC және OPEC-тен тыс елдер жиналысының артынан 2019 жылы 1 қаңтар күнінен бастап жалпы мұнай өндірісінің 1,2 миллион баррельге қысқаратыны жарияланды.

Қазақстан Республикасы осы тақырыпқа қатысты жауапкершілігін орындайтынын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Қазақстанның жаңа жылдан бастап, мұнай өндірісін күніне 40 мың баррельге қысқарту үшін қажетті шараларды қабылдайтынын білдірді.

Қазақстан жылына 801 миллион тоннадан астам мұнай өндіруде.



Ұқсас жаңалықтар