Қазақстанда «Алтын үкі – 2018» әскери мергендер сайысы басталды

Қарағанды облысының «Спасск» оқу орталығының базасында VIII халықаралық мерген жұптарының «Алтын үкі – 2018» сайысы басталды.

1035504
Қазақстанда «Алтын үкі – 2018» әскери мергендер сайысы басталды

Қарағанды облысының «Спасск» оқу орталығының базасында VIII халықаралық мерген жұптарының «Алтын үкі – 2018» сайысы басталды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының «Спасск» оқу орталығында ұйымдастырылып жатқан сайыстың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевке қоса көптеген қонақ қатысты.

Рәсімде Қазақстан Қарулы күштеріне қарасты арнайы жасақтары тактикалық әрекеттер көрсетті.

 «Алтын үкі» кубогына әлемнің 11 елінің – Қазақстан, Ауғанстан, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан мен Ресейдің құралайды көзге ататын мергендері жиналды. 

Ал сайысқа бақылаушы ретінде Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея мен Түркия Республикасының өкілдері арнайы қатысуда. 

Мергендер бес күн бойына әртүрлі қашықтықтан, әртүрлі жылдамдықта түрлі нысаналарды көздеп, жасырынып қалу, күндізгі және түнгі мезгілдерде бағдарлау сынды сынақтардан өтеді. 

Жалпы, халықаралық «Алтын үкі» байқауы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.



Ұқсас жаңалықтар