Ташкентте түркінің ұлықтары ардақталды

Түркі академиясының ұйымдастыруымен халықаралық конференция болып өтті.

970973
Ташкентте түркінің ұлықтары ардақталды

2018 жылды Абай жылы деп жариялаған Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте «Өзбекшенің түркология әлеміндегі ролі және халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері конференциясы» болып өтті.

Халықаралық Түркі академиясы және Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті бірігіп ұйымдастырған ғылыми конференцияға университет ректоры Проф. Шухрат Сироджеддинов,  Түркі академиясы басшысы Проф. Дархан Қыдырәлі,  университет лауазымдылары,  ғалымдар,  қонақтар мен студенттер қатысты.

Конференцияның беташар баяндамасын оқыған ректор Сироджеддинов академия мен унирверситет арасында өткізілген конференцияның өте мағыналы және маңызды екенін атап өтті.

Дархан Қыдырәлі де Өзбекстанның Түрік кеңесінен бөлек болғанынан бері үлкен олқылық сезінгендерін, Түрік академиясы ретінде олқылықтарды қысқа уақытта толтыратын жұмыс істеуге мүдделі екендерін атап көрсетті.

Конференцияда түрік әлемінің рухани дамуы жөніндегі тақырыптармен қоса атақты ақын-жазушылар Әлішер Науаи, Мағжан Жұмабай және Шыңғыс Айтматовтың шығармашылықтары талқыланды.

Конференцияда айырықша Халықаралық Түрік академиясы тарапынан өзбек тіліне аударылған Мағжан Жұмабайдың «Таңдамалы өлеңдер» кітабы да таныстырылды.

Мағжан Жұмабайдың өлеңдерін өзбек тілінде сөйлеткен қарақалпақстандық ақын Мухаффар Ахмад пен Жұмабайдың әдеби шығармашылығы жөнінде ғылыми түрде шұғылданған Проф. Насимхан Рахманов күміс медальмен марапатталды.

Конференция аяғында Академия мен Әлішер Науаи мемлекеттік Өзбек тілі мен әдебиеті университеті арасында қазақтың ұлы ақылы Абайдың өлеңдерінің өзбек тіліне аударылуы және түркология саласында ынтымақтастықты арттыру жөнінде хаттамаға қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар