Татарстан президенті Анкараға келді

Минниханов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

959352
Татарстан президенті Анкараға келді

Ресей Федерациясына қарасты Татарстанның президенті Рүстем Минниханов мемлекеттік сапармен Анкараға келді.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Минниханов сапары барысында әрі Анкара,  әрі Стамбулда кездесулер жүргізетінін айтты.

Рүстем Минниханов ертең Стамбулда Түркия-Татарстан Бизнес форумына қатысады.

Түркиядағы татарлармен бас қосатын президент «Түркия Шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындардың өкілдерін оқу бағдарламасынан өткізді. Бұл үшін алғыс айтамыз. Жоспарымыз көп. Медицина саласында да жаңа жобаларды қолға аламыз» деді.

Татарстан президенті түрік іскерлерді еліне инвестиция салуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар