Түркия Ұлы Ұлттық Мәжіліс төрағасы Кахраманнан Қырғызстанға ескерту

Кахраман «FETÖ террорлық ұйымының қаупіне қарсы достарымызға ескерту жасау – достықтың қажеттілігі» деді.

863823
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжіліс төрағасы Кахраманнан Қырғызстанға ескерту

ТҰҰМ төрағасы Исмаил Кахраман «FETÖ террорлық ұйымының қаупіне қарсы достарымызға ескерту жасау – достықтың қажеттілігі» деді.

Кахраман Түркітілдес мемлекеттер парламенттер ассамблеясының (ТүрікПа) Мәжіліс басшыларының 7-ші жиналысына қатысу мақсатымен Қырғызстанның бас қаласы Бішкекке барды.

Кахраман мен қасындағы делегацияны Манас Халықаралық әуежайында Қырғызстан Мәжілісі төрайымы Асел Кодуранова,  мәжілістегі Қырғызстан-Түркия Достық тобының төрағасы Асылбек Дамирбекұлы, ТүрікПа бас хатшысы Жандос Асанов,  Түркияның Қырғызстандағы өкілетті және төтенше елшісі Метин Кылыч және Қырғызстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Ибрахим Жүнісов қарсы алды.

Түркия мәжілісі төрағасы байланыстары шеңберінде алдымен Әзірбайжан Ұлттық Мәжілісі басшысы Октай Есадовпен кездесті.  Қырғызстан Мәжіліс төрағасы Дастанбек Жұмабековпен де кездескен Кахраман әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңызына тоқталып,  Түркияда 15 шілде күні болған төңкеріс әрекетін айтып берді.

Кахраман Түркияда болған төңкеріс әрекетінің басында Ерзурумда туған, 40 жылдан бері ұйым шеңберінде жұмыс істеп келген Фетуллах Гүлен атты имам бар екенін айтты.

Фетуллахшы террор ұйымы жөнінде ескерту жасаған Түркия мәжілісі басшысы «Фетуллахшы террор ұйымы қаупіне қарсы достарымызға ескерту жасау- достықтың қажеттілігі» деді.



Ұқсас жаңалықтар