ТүрікПа пленарлық сессиясы Бішкекте өтті

Қырғызстанда Түркітілдес мемлекеттер парламенттер ассамблеясы ТүрікПа кезекті VII пленарлық сессиясы өткізілді.

864234
ТүрікПа пленарлық сессиясы Бішкекте өтті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Исмаил Кахраман Түркітілдес мемлекеттер арасындағы достықтың өзгермес басымдық болуы керектігін айтты.

Қырғызстанда Түркітілдес мемлекеттер парламенттер ассамблеясы ТүрікПа кезекті VII пленарлық сессиясы өткізілді.

ТҰҰМ басшысы Кахраман сессияда сөйлеген сөзінде ТүрікПа-ның елдер арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіретін маңызды ынтымақтастық платформа екенін атап көрсетті. Кахраман парламенттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың тек мүше елдерге емес,  аймақтың дәулетінің арттырылуына,  тұрақтылықтың қамдалуына да үлес қосатынына назар аударғаударды.

«Келесі кезеңде бір жағрапияны бөлісіп отырған елдер ретінде бізге жүктелетін міндет ынтымақтастықты жетілдіру және аймағымыздағы қиыншылықтарды мүмкіншіліктерге айналдыру болмақ» деді ол.

ТүрікПа кезекті төрағасы Қазақстан парламенті мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева да елінің атқарған істері жөнінде мәлімет берді.

ТүрікПа-ның мүше елдердің парламенттері арасында ынтымақтастықты жетілдіргенін атап көрсеткен Исимбаева «Қазақстан жұмыстарды жүйелі күйге келтіруге көңіл бөлді.  Ассамблея ашық, ықпалды мекемеге айналды» деді.

Исимбаева ТүрікПа кезекті төрағалығын Қырғызстанға тапсырғанын айтты.

ТүрікПа кезекті төрағалығын қабылдап алған Қырғызстан Мәжіліс басшысы Дастанбек Жұмабеков «Мәдениетіміз, тарихымыз бірдей болғандықтан, проблемаларды шешу жолдары да ұқсас болады деп сенеміз.  Елдеріміздің дамуы үшін бірге жұмыстанайық. Алдымызда көп жоспар бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар