Өзбекстанда рақымшылық заңы қабылданды

Заң жобасын елдің уақытша президенті Шавкат Мирзиеев ұсынған болатын.

588088
Өзбекстанда рақымшылық заңы қабылданды

Өзбекстан сенаты Атазаңның 24 жылдығына орай рақымшылық заңын қабылдады.

Заң жобасын елдің уақытша президенті Шавкат Мирзиеев ұсынған болатын.

Рақымшылық заңынан әйелдер, қылмыс істеген кезде 18 жасына келмегендер, осы заң күшіне енгенде 60 жасқа толғандар, қоғам үшін әлеуметтік қауіп төндірмейтін немесе ауыр қылмыс жасамағандар пайдаланады.

Осы рақымшылық арқылы қылмыс істегенге дейін Өзбекстаннан тыс жерде тұрған және еркін жіберілгеннен кейін Өзбекстанда болуы үшін заңды кажеттілігі жоқ шетел азаматтары да босатылады.

Заң арқылы ауыр науқастар, мүгедектер мен бірінші рет қылмыс істегендер еркін жіберіледі.

Өзбекстан парламентінің жоғарғы қанаты Сенат тарапынан қабылданған шешім ресми газетте жарияланғаннан кейін күшіне енеді және 3 айда орындалады.



Ұқсас жаңалықтар