Ұлттық киімдер сән шеруі

Түркі әлемінің ұлттық 60 киімі таныстырылды.

103721
Ұлттық киімдер сән шеруі

Кастамону муниципалитеті сән шеруін ұйымдастырып, мода дизайнері Өзжейхан дайындаған түркі әлемінің ұлттық 60 киімі таныстырылды.


Түркияның Кастамону қаласында 18-ші Түркі әлемі күндері аясында «Түркі әлемі ұлттық киім сән шеруі» болды. Сән шеруде түркітілдес жеті елмен қоса Османлы және Анадолы өркениеттерінің ұлттық және дәстүрлі киімдерін Шебнем Шефер мен Элиф Эдже Узын сынды манекендер таныстырды.


Мода дизайнері Ахмет Өзжейхан түркі республикалары, Османлы Империясы және Анадолы өркениеттері киімдерін бірге таныстыруды мақсат еткендерін айтты. Оның айтуынша, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Татарстан және Тәжікстаннан оригинал мата әкеліп, әшекейлермен бірге дизайн етті.


Сән шеруінің соңында Шефер түрік байрағымен безенген, коллекцияның арнайы көйлегімен шығып, көрермендердің қошаметіне бөленді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар