Ирактағы түрікмендер қауіп астында

БҰҰ Тузхурматудағы түрікмендердің қырғын қаупінде екенін жариялады.

102419
Ирактағы түрікмендер қауіп астында

Иракта Ирак Левант Ислам мемлекетінің құқайы жалғасуда.
Ирак Левант Ислам мемлекетінің сарбаздары шиит түрікмендер тығыз қоныстанған Тузхурмату қаласына үші жақтан шабуыл жасады.
Керкук пен Тузхурмату арасындағы Еласрия ауылы, Тузхурмату –Тикрит жолындағы Селам ауылы және Хаса аймағынан қақтығыс хабарлары келді.
Тузхурмату Ирак армиясының шегінуінен кейін 11 маусымда пешмерге күштерінің басқаруына өткен болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Керкук пен Бағдат арасындағы Амерли қалашығында көбі түрікмен 20 мың адамның қырғын қаупінде қалғанын жариялады.
Сонымен бірге Ирак армиясы Бейси қаласындағы Ирактың ең үлкен мұнай рафинеріне бағытталған шабуылдың тосылғанын жариялады.
Иракта қақтығыстар да жалғасуда.
Бағдат пен Керкук қалаларында ұйымдастырылған шабуылдарда қаза тапқандар саны 48-ге көбейді.
Шабуылдарды Ирак Левант Ислам мемлекеті мойнына алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар